Как формируется характер 🌈/Мінез қалай қалыптасады 🌈 » КГУ "Общеобразовательная школа №97"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-15-93
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » Как формируется характер 🌈/Мінез қалай қалыптасады 🌈
12
январь
2023

Как формируется характер 🌈/Мінез қалай қалыптасады 🌈

Как формируется характер 🌈
12 январь
1.Мінез туралы жалпы түсінік. Грек тілінен аударғанда «мінез»- «із қалдыру» деген түсінік береді.Шынымен де мінез- адамның қоғамдық ортада жүріп қалыптасатын «белгісі».
Демек, «мінез- бір-бірімен белгілі байланысы бар адамның қасиеттерінің ерекшелігі». Аристотель мінез жөнінде төмендегідей сөздер айтқан «Мінез дегеніміз қыр-сырын көре жүріп, кісінің қадір-қасиетін анықтайтын нәрсе»
2.Мінез белгілері. Адам мінезі әрқашанда көп қырлы. Белгілері мен қырлары айқындалып тұруы мүмкін, бірақ бұлар бірінсіз-бірі болмайды, бірігіп бір құрылыс түзіп тұрады. Мінез белгілері адамның пайымдауы, өмірге деген көзқарастарымен айқындалмайды.
3.Мінездің танылуы мен жеке тұлғаның қарым- қатынасы. Мінез мынандай жағдайларда танылады; біріншіден,басқа адамдарға деген көзқарасынан:туыстары мен жақындарына, жұмыстағы және оқудағы жолдастарына,т.б.Табанды және осал ара қатынас,ашықтық пен тұйықтық, ақиқат және жалғандық, сыпайылық пен дөрекілік.
4.Табиғат және мінез көрсету. Адам туғанда оның ми қабықтары ерекше дамып туады. Бұл ерекшеліктер психикалық емес физиологиялық, бірақ баланың мінезінің кейін қалай дамитынын анытайды. Бұл физологиялық шарттылықтағы өзгешеліктер –адам мінезін ажыратудың алғышарттары ғана.
5.Мінез және адамның бет-әлпеті. Психология тарихында мінезді адамның бет-әлпетіне, бас сүйегіне, дене бітіміне қарап анықтау теориясы бар. 
6. Мінездің темпераменттен айырмашылығы. Ұлттық мінез құлықты кейбір жағдайда зерттеушілер темпетаментпен шатастырып жатады. И.И. Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің (сангвиник, флегматтық, холеристік, меланхоликтік) типтері адамның жоғарғы нерв жүйесінің жұмысына байланысты болатындығы белгілі.