Лучший педагогический фильм/Жердегі Жұлдыздар- фильм » КГУ "Общеобразовательная школа №97"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-15-93
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » » Лучший педагогический фильм/Жердегі Жұлдыздар- фильм
14
март
2023

Лучший педагогический фильм/Жердегі Жұлдыздар- фильм

Лучший педагогический фильм/Жердегі Жұлдыздар
Март 14
Жердегі Жұлдыздар
«Жердегі Жұлдыздар» — 2007 жылғы үнділік драма фильм, Аамир Ханның режиссерлік дебюті.
Сюжет
Сегізжасар Ишан Авасти бала кезінен басқалардан ерекшеленетін. Ол мектепті ұнатпайды, басқалар еш қиналмастан жасайтын істер оған үлкен қиындықтар алып келеді. Сонымен қатар ол оқи да, жаза да алмайды. Оны ешкім түсіне алмайды. Ол мектепте үлкен қиындықтарға тап болады, оны ата-анасымен қоса бүкіл әлем түсінбегендіктен оған бәрі ұрсатын. Оның қиялы, шығармашылығы мен өнерге деген таланты көбінесе еленбейді немесе байқалмайды. Оның әкесі Нандкишор Авасти ықпалды басшы, жақсы кәсіпкер, ол балаларының өзінің ізімен жүргенін қалайды. Анасы Майя Авасти үй шаруасындағы әйел, Ишанды жақсы оқыту үшін бар күшін жұмсап, үмітін үзді. Ишанның үлкен ағасы Йохан Авасти мектептегі ең үздік оқитын бала, ата-анасының мақтанышы, өзінің інісінің жаман оқитынына қатты ұялады. Ишан ата-анасының шыдамының шегіне жеткен соң, оның қатал әкесі оны мектеп интернатына жібереді. Оның ойынша ол жердені қатал тәртіп, Ишанды бірден түзейді. Ата-анасынан, ағасынан, үйінен жырақтап кеткен Ишан жаңа мектепте табылған жақсы досына қарамастан одан сайын қайғыға түседі. Бірақ, сурет пәнінен беретін жаңа мұғалім Рам Никумбх пайда болған соң барлығы өзгереді. Рам Никумбх Ишаннан дислексия ауруын анықтайды. Рам Никумбх Ишанды түсінетін жалғыз адам болады, өйткені бала кезінде өзіде осы аурумен ауырған болатын. Ол баланы қайғыдан арылту үшін, оқуға және жазуға үйрету үшін жол тауып, балаға үміт сыйлайды.