Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек? » КГУ "Общеобразовательная школа №97"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-15-93
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек?
20
ноябрь
2023

Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек?

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.
Заң бойынша кез-келген адам осы жамандыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ат салысатын тұлға мемлекеттің қорғауында болады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-бабының 3-тармағы).
Мұндай тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы келесідей хабарлауға болады:
  1. Мобильді телефоннан  немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет, ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді.
  2. 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) немесе Агенттіктің тұрғылықты (болған) жері бойынша өңірлік департаменттерге жазбаша өтініш жасау қажет.
  3. egov.kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы өтініш жіберу (электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ болуы міндетті) қажет.
  4. «Ашық диалог» сайтында Агенттік төрағасының блогына немесе Агенттіктің сайтына жазу қажет.
  5. Агенттіктің kense@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу қажет.