Конкурс кужаттары » КГУ "Общеобразовательная школа №97"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-15-93
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
03
июнь
2014

Конкурс кужаттары

<!--[if gte mso 9]>

<!--[if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!--[if gte mso 9]> <!--[if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif";}

«Бекітемін»

Алматы қаласы Білім басқармасының «№97 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

_______________ Исбаева А.М.

Бұйрық №___ 2014ж.___________

 

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№97 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама

Конкурсты ұйымдастырушы:  Алматы қаласы Білім басқармасының «№97 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, заң орналасқан жері: 050062, Қазақстан, Алматы қ., 1 ы/ауданы, 76а үйі,  ЖБН:961140000718, Банктік реквизиттері: ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті ММ, ЖБК: KKMFKZ2A, ИИК:KZ32070102KSN6001000, тел/факс: 8(272) 338-27-67, 276-15-93.

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 754 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 354.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 7 134 821 ҚҚС-сыз теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы; 

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді; 

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді: 

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында KZ590705023603941001_

орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы; 

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді. 

 

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып,  мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер;

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып, жапсырып, конверттің алдыңғы жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы (конкурсқа қатысуға өтінім  «кешігіп келген» жағдайда, ашылмай-ақ қайтару мақсатында), конкурс ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы, сонымен қатар «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№97 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІН ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘЛЕУЕТТІ БЕРУШІНІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «10 САҒАТ 00 МИНУТ, 2014 ЖЫЛДЫҢ 24 МАУСЫМ АЙЫНА ДЕЙІН АШЫЛМАУ ТИІС»

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып:

09 сағат 00 минут, 2014ж. 24 маусым қоса алғанда мерзіміне дейін, 050062, Қазақстан, Алматы қ., 1 ықш/ауданы, 76а үйі, есепші каб., Шарипова Феруза береді.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды 10 сағат 00 минут, 2014 ж. 24 маусымда, мәжіліс залында, Алматы қ., Әуезов ауд,.1 ықш/ауданы, 76а үйі мекен жайында конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

Конкурстық құжаттаманың сатылым ұйымдастырушының хабарламада тәртібі мен көрсетілген уақытында тапсырылған әлеуетті берушінің өтінімі бар конверттер ашылады.

Егер конкурска қатысуға тек бір ғана өтінім тапсырылса, бұл конкурска қатысуға өтінім ашылады.

Алматы қ,. 1 ықш/ауданы, 76а үйі, 09 сағат 30минут, есепші каб., әлеуетті берушінің өкілет адамдары конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу рәсімінде өз өкілеттілігін растау үшін құжаттарды көрсетіп, әлеуетті берішілердің тіркеу журналында тіркелуі тиіс.

Конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу рәсімінде әлеуетті берушілер және олардың өкілетті адамдары конкурстық комиссияны аудио және видео құралдарын қолданылуы туралы міндетті турде ескертіп айтылуы тиіс.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

 

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

 

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді. Конкурстық комиссия әлеуетті берушінің квалификациялық талаптарына сәйкес емес екенін:

1. квалификациялық талаптарына сәйкес әлеуетті берушінің қызметтерін растау құжаттарды толығымен немесе тапсырылмаған жағдайда;

2. квалификациялық талаптарын растау үшін әлеуетті берушінің көрсетілген құжаттарда мәліметтер квалификациялық талаптарына сәйкес емес жағдайда;

3. квалификациялық талаптары бойынша анық емес мәліметтер көрсетілген жағдайда;

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді,  оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді  ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға                        7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына  жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған; 

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған  күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді: 

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

7.Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатыпалулар келісім шарты

 

40. Конкурс жеңімпазы таңдалған әлеуетті беруші, веб-порталда конкурстың хаттама қорытындысын жарияланған күннен, бес жұмыс күннің ішінде, мемлекеттік сатыпалулар туралы келісім шартқа қол коймай-ақ тапсырыс берушіге конкурсқа қатысу өтінімде квалификациялық талаптарын дәлелдеу үшін тіркелген құжаттарының көшірмесін тұпнұсқа немесе нотариалдық расталған құжаттар көшірмесін ұсынады.

41. Электрондық конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған мерзімнен бастап 5 күн ішінде тапсырыс беруші ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарына сай (ары қарай - Заң) және мемлекеттік сатып алу тауарлары келісім-шарт  негізінде мемлекеттік сатып алу тауарлары, қызметі туралы келісім-шарт жобасына қол қойып, өнім берушіге жібереді.

42. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырғаннан бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың орындалуын қамтамассыз етуі керек.

43. Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың орындалуын қамтамассыз етуі өз тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт міндетінің уақытында, толыққанды әрі дұрыс орындалуы ретінде кепілдеме болады.

44. Келісім-шарттың орындалуын қамтамассыз ету мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде анықталады.

45. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың қамтамассыз етуінің бір түрін таңдайды:

1) кепілдік ақшалай жарна тапсырыс берушінің банктік есеп-шотына немесе Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған, тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік ұйым мен мемлекеттік мекеме болып табылатын есеп-шотқа жіберіледі;

2) Ереженің 9-қосымшасына сай банктік кепілдік.

46. Өнім берушінің келісім-шарт бойынша міндеттерін толық орындамайынша, үшінші тұлғаның толықтай немесе жартылай төленген кепілдік ақшалай жарнаны талап етуіне әкеліп тірейтін әрекетке баруына жол берілмейді.

47. Тапсырыс беруші өнім беруші төлеген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда қарастырылмаған мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

48. Тапсырыс беруші өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың орындалуына енгізілген қамтамассыз етуді келісім-шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім берушінің келісім-шарт бойынша өз міндеттерін толық әрі дұрыс орындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартта көрсетілген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда тапсырыс беруші бюджет кірісіне айып төлем фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың орындалуына енгізілген қамтамассыз етуді қайтарады.

49. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарты өнім берушінің тауарлар, жұмыс, қызмет көрсету келісім-шарттық міндеттерін орындамағанына байланысты бұзылған болса, мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың орындалуына енгізілген қамтамассыз етуді қайтармайды.

50. Заңның 37 бабының 6,7, және 8 тармақтарында  көзделген жағдайларда қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі.

51.Келісім  мемлекеттік тапсырыс туралы келісімшартқа өзгертулер  енгізу туралы  шарттан тұруы керек.

52 .Отандық тауарөндірушілер  және отандық  өнім берушілермен жұмыстар, қызмет туралы келісімшарт,  тауарларды жеткізудің және  орындалған жұмыстарға алдын ала төлем мен толық төлем туралы шарттан, немесе қызмет көрсету , мұнда осы келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға берілген күндер отыз күнтізбелік күннен аспауы керек

53. Әлеуетті өнім беруші Заңмен көрсетілген мерзімде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған келісім-шартты көрсетпесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырып, КҚ-да қарастырылған мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартты қамтамассыз етуді енгізбеген болса, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырудан жалтарған болып есептеледі.

54. Әлеуетті өнім берушімемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырудан жалтарды деп есептелетін болса, тапсырыс беруші:

1) өнім беруші тарапынан енгізілген өтінімді қамтамассыз етуді ұстап қалады, орын алған жағдайға байланысты мәліметтерді өкілетті ұйымдарға ұсынып, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушысы деп танылсын деген талаппен сотқа жүгінеді;

2) қажет болған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушіні күштеп мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырғызу, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырудан бас тартуына байланысты орын алған шығынды өтеу талыбымен сотқа жүгінеді.

 


Алматы қаласы Білім басқармасының «№97 жалпы білім беретін мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

тізбесі

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№97 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бойынша конкурс

 

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымын

дағы көрсетілетін қызметті  алушылар

дың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру

мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтанды

руды қамтамасыз етуге

бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№97 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

754

 

 

 

 

 

354

2014ж. Қыркүйек-желтоқсан

Алматы қ., Әуезов ауд., 1 ы/ауданы, 76а үйі

ҚҚС-сыз 7 134 821 теңге

 

Күні _______ 2014ж.

 

№97 ЖББМ КММ  ________Исбаева А.М.     М.О.

Похожие публикации: