Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 229-05-86
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » Робототехника көрсеткіші
14
январь
2026

Робототехника көрсеткіші

2026 жылғы 13–14 қаңтар күндері Түркістан қаласында робототехника саласындағы ауқымды дода — Ontustik FIRST Qualifier 2026 іріктеу жарысы жоғары деңгейде өтті.
Жарыс Karavan Saray Arena заманауи кешенінде ұйымдастырылып, жас инженерлер мен болашақ өнертапқыштардың басын қосты.
🇰🇿 Қазақстанның әр өңірінен келген 100-ден астам команда бұл жарыста өзара бақ сынасып, инженерлік ойлау, бағдарламалау, робот құрастыру және командалық жұмыс бағыттарында жоғары шеберліктерін көрсетті.
Сайыс FIRST халықаралық бағдарламасының қағидаттарына сай өткізіліп, оқушылардың креативтілігі мен техникалық әлеуетін айқындады.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша марапатталған командалар: • Qazaq Style Juniors — Inspire Award Winner, Finalist Alliance
• Future Vortex — Finalist Alliance Captain, Think Award Winner
• Oyu — Reach Award Winner
• 140RPM — Innovate Award (2nd place) және Central Asia FIRST Championship жарысына жолдама
• F15 — Central Asia FIRST Championship жарысына жолдама
• Point — Design Award Winner
🏫 Жарысқа қатысқан білім беру ұйымдары:
№97, №218 «Келешек» мектептері,
№200, №209 мектеп-гимназиялары, №136 мектеп-гимназия,
№62 Шона Смаханұлы атындағы гимназия,
№15 гимназия, №140 М. Мақатаев атындағы гимназия,
№119 мектеп-лицей, №173 мектеп-лицей,
№39 Ходжиков атындағы мамандандырылған лицей,
№126 мамандандырылған лицей.
✨ Бұл жарыс — оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға, инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыруға және өңіраралық тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік болды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы кезеңдерде биік жетістіктерге жете берулерін тілейміз!