06
март
2025
“ Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ұлттық құндылыққа негізделген мәтіндермен жұмыстың маңызы” тақырыбында баяндама
97 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қыстаубаева Айгүл Серікқызы 06.03.2025 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ- де өткен “Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді оқытудың жүйесі( деңгейлері мен сатылары) жобасы аясында “Білім берудегі мемлекеттік тіл” атты конференцияда “ Ұлттық құндылықтар -қазынамыз” тақырыбындағы авторлық бағдарламасы бойынша “ Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ұлттық құндылыққа негізделген мәтіндермен жұмыстың маңызы” тақырыбында баяндама оқып, тәжірибесімен бөлісті. Конференцияда Алматы қаласындағы ЖОО-ң ұстаздары мен колледж, мектеп мұғалімдері, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұстаздары мемлекеттік тілге қатысты түрлі мәселелерді көтерді.