Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 229-05-86
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » "Жоғалғандардың жан сыры / Исповедь исчезнувших"
09
апрель
2025

"Жоғалғандардың жан сыры / Исповедь исчезнувших"

"Жоғалғандардың жан сыры / Исповедь исчезнувших"

09.04.2025 г. в нашей школе №97 состоялась встреча с писателем из Республики Саха Ниной Егоровной Дьячковской. С ней приехала подруга Лариса Федоровна, также приехавшая из Саха. Ранее проживающий в Саха, а ныне живущий в Алматы мировой виртуоз, хомусист Еркин Алексеев привез с собой свой инструмент — хомус (шанқобыз). Он исполнил удивительные произведения, имитируя звуки различных животных и птиц, а также их поведение через музыку, дав возможность всем присутствующим насладиться этим прекрасным искусством.

Произведение Нины Дьячковской "Исповедь исчезнувших" рассказывает о неудавшейся любви якутской женщины Майи и узбекского парня Сабдуллы, о том, как главный персонаж, пережив множество трудностей, оказывается в чужой стране без документов и денег, с двумя маленькими детьми. Это произведение было переведено на казахский язык молодым поэтом и переводчиком Саятом Камшыгером под названием "Жоғалғандардың жан сыры".

Сегодня в библиотеке имени Жамбыла состоялась презентация этой книги. В мероприятии также принимал участие спутник писателя Ерлан Мейманқұлы. После встречи ученики получили незабываемые впечатления, и их интерес к чтению книг явно возр

ос.

09.04.2025 ж. біздің №97 мектебімізде Саха Республикасынан келген жазушы Нина Егоровна Дьячковскаямен кездесу өтті. Жазушымен бірге келген құрбысы Лариса Федоровна да Саха елінен келген екен. Бұрын Саха Республикасында тұрып, қазір Алматыда тұратын әлемдік виртуоз, хомусшы Еркін Алексеев өз аспабы хомусты (шаңқобызды) өзімен бірге ала келген. Ол түрлі жан-жануарлар мен аң-құстың дауысын және әрекеттерін музыка арқылы дыбыстау арқылы керемет өнерін көрсетті. Кездесу барысында оқушылар осы өнерді тамашалауға мүмкіндік алды.

Нина Дьячковскаяның "Исповедь исчезнувших" атты шығармасы якут әйелі Майя мен өзбек жігіті Сабдулланың сәтсіз махаббаты туралы, өмірден көп қиындық көрген кейіпкердің екі баласымен бірге бөтен елде құжатсыз, ақшасыз қиындықтарға тап болу жайында баяндайды. Бұл хикаятты жас ақын-аудармашы Саят Қамшыгер "Жоғалғандардың жан сыры" деген атпен қазақ тіліне аударған.

Дәл бүгін Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында осы кітаптың тұсаукесері өтті. Сол шараға қатысқан ақынның серігі Ерлан Мейманқұлұлы да қонақта болды. Кездесуден кейін оқушылар тамаша әсер алып, кітап оқуға деген қызығушылықтары артқаны сөзсіз.