Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы » КГУ "Общеобразовательная школа №97"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-15-93
Оқу бөлімі:
+7(727) 338-27-67
@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
09
январь
2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

                   Астана қаласы                                                                                                              город Астана                                                                                                                








«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы                  № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы




БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы  № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында: 

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тамақтандыруды ұйымдастыру:

орта білім беру ұйымдарында:

1) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу арқылы жүзеге асырылады;

2) мектеп асханасының жабдығы болмаған және/немесе тозған жағдайда жаңа жабдыққа ауыстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады; 

3) мектеп асханасында жабдықтар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін тиісті жағдайлар болған кезде –жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгеруші, аспаз, ас үй қызметкері лауазымдарын енгізу кезде конкурстық негізде білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу;

4) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен;

мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу жолымен жүзеге асырылады.».

26-тармақ алып тасталсын;

          мынадай мазмұндағы 108-1-тармақпен толықтырсын:

          «108-1. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақты ішу үшін қажетті жағдайлар жасалады.»;

134, 224, 314-тармақтар алып тасталсын;

          Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр


     А. Аймағамбетов



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі 



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі